Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алаш арыстарының асыл мұрасы

2021 жылғы 17 ақпанда сағат 15:00-де «ZOOM» платформасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Astana International University, АЛЖИР мемориалды-мұражай кешені ұйымдастырған «Алаш арыстарының асыл мұрасы» атты онлайн режимде бірлескен дөңгелек үстелі өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында еліміздің біртуар тұлғаларын еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай онлайн экскурсия өткізеді. АЛЖИР музейінің қызметкерлері «АЛЖИРде азап шеккен аналар» атты тақырыпта сөз қозғайды.

Онлайн-дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз!

Дөңгелек үстелдің идентификаторы: 832 257 24 88

Кіру коды: 123456

 

Яндекс.Метрика