Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Жас Отан” Академия жатақханаларына мониторинг жүргізді

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті агенттігінің және «Адалдық алаңы» жобасының өкілдерімен бірге Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттеріне арналған жатақхананың жай-күйіне мониторинг жүргізді.

    Әлеуметтік желілердегі “Жас Отан” парақшасында жарияланған есепте «Студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған. Әрбір қабатта білім алушылар үшін демалыс бөлмелері бар. Сонымен қатар, Академияда бассейн мен жаттығу залы жұмыс істейді. Мониторинг барысында санитарлық нормаларды, қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ техникалық жарақтандыруға және студенттерге арналған тұрғын үй-жайларды қажетті жиһазбен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген”,- деп жазылған.

    Сонымен бірге, “Жас Отан” жастар қанаты елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Мағзұм Академияда үлгілі жатақхана бар екенін және студенттердің өмір сүруіне жақсы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Яндекс.Метрика