Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жастар істері жөніндегі комитеттің отырысы

2021 жылғы 31 қаңтарда Академияда Zoom платформасында Жастар істері жөніндегі комитеттің жаңа жылдағы алғашқы жоспарлы отырысы өтті, оған педагог-ұйымдастырушы Казбек Нұрманов және бакалавриаттың 1-2 курс студенттері қатысты.

Отырыста ЖІК және бүкіл студенттік қауымдастық үшін ең өзекті мәселелер талқыланды:

– 2021 жылы ЖІК қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;

– 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;

– ЖІК қатысуымен бірінші жартыжылдықта өткізілген іс-шаралар туралы есеп;

– ЖІК құрамын, Qazvolunteer.kz үшін волонтерлер клубының құрамын бекіту.

Жиналыс барысында комитет мүшелерінің есептері тыңдалды, атап айтқанда, ЖІК төрағасы, “Арт-менеджмент” мамандығының 2 курс студенті Сұлтанбай Арман, “Арт-менеджмент” мамандығының 2 курс студенті Солтанбек Айжан бірінші жартыжылдықтағы жұмысы туралы баяндама жасады. Ағымдағы оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған ЖІК қызметінің жоспары бекітілді, сондай-ақ жауапты тұлғалар мен бекітілген жоспарды іске асыру мерзімдері анықталды.

Кездесу қорытындысы бойынша онлайн – форматтағы ЖІК жұмысы, студенттердің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімімен, кафедралармен және факультеттермен кері байланысы шеңберіндегі студенттердің өзекті сұрақтары, сондай-ақ ЖІК-нің Академияның әлеуметтік-тәрбие қызметіне қатысуы талқыланды.

 

Яндекс.Метрика