Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алматы театрында қазақтың тұңғыш хореографы Дәурен Әбировтің 100 жылдығына арналған форум өтті

Форумның бірінші күні ғылыми конференция өтіп, онда 20-ға жуық адам баяндама жасады. Сондай-ақ қазақ биінен шеберлік сабақтары көрсетілді. Қазақ биінің жетекші мұғалімі Ғайникамал Бейсенова, жиналғандарға Дәурен Әбиров мектебінің негізгі элементтерін көрсетті.

Қазақ ұлттық академиясының атынан Ізім Тойған мен Гүлнар Жұмасейітова баяндама жасады.Әр баяндама мастер-класстармен нығайтылды. “Алматы театры” сахнасында Анвара Садықова мен Алмат Шамшиевтің жетекшілігімен академия студенттері көрермендерге ерлер, әйелдер және жұптық биге арналған үш этюд ұсынды.

Форум қазақтың тұңғыш кәсіби балетмейстері, Қазақ КСР Халық әртісі Дәурен Әбіровтың 100 жылдығына арналған және оның шығармашылығын Қазақстанда танымал етуге, сондай-ақ дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін анықтауға және дамытуға бағытталған.

Форум үлкен гала-концертпен жалғасты. Бұл күні сахнада еліміздің барлық танымал шығармашылық ұжымдары, белгілі балет және опера театрларының әртістері және Қазақстанның бейінді жоғары оқу орындарында оқитын талантты студенттер өнер көрсетті. Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері көрерменге төрт қойылым ұсынды: “Балбырауын”, “Жолбарыс жүрек”, “Қорқыт” және “Шабыт”. Шараны Қазақстан хореографтар одағы ұйымдастырды.

Яндекс.Метрика