Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алтынай Асылмұратова Қазақстан халқы Ассемблеясының 25 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды

Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Айтулы дата құрметіне арналған медаль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан тапсырылды.

Бұл марапат еліміздің қоғамдық келісімін нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы құрметіне орай табыс етіледі.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Алтынай Абдуахимқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, қызметіне кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді!

Яндекс.Метрика