Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын жыл сайынғы жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында қазіргі қазақстандық қоғам өмірінің сапасына әсерін тигізетін барлық салалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, өндіріс пен экономиканың өсуі, демографиялық мәселелерді шешу және отбасыларды қолдау, қоршаған ортаны қорғау, медицинаны дамыту, мемлекеттік аппаратты күшейту мәселелері жөнінде сөз қозғап, әсіресе білім беру жүйесі мен балаларды қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бәсекеге қабілетті білім беру және білім алушылардың сыныптастарымен араласып, қарым-қатынас жасауы үшін білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің маңызды екенін атап өтті. Хореография техникасын үйрету процесінде оқытушылардың  жіті қадағалауымен өтетін балет залдарындағы сабақтар маңызды рөл атқарады және білім алушылардың жетістікке жетуінің кепілі болып табылады. Таяу арада сабақтардың қайтадан сыныпта өткізілетіні жөніндегі хабар көпшілік көңілінен шықты. Сондай-ақ, Президент: «Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды» деп атап өтіп, қашықтан оқу кезеңінде толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды.

Қазақстандағы ғылым саласын дамыту бойынша шаралар да Жолдаудың басты бағыттарының бірі болды. Президент Жолдауда: «Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын.» деп Үкіметке  міндеттер жүктеді.   

Мемлекет басшысының қолдау сөздері және келесі жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25  пайызға көбейту жөніндегі шешімі ұстаздар қауымы үшін жаңа оқу жылы қарсаңында ерекше серпіліс беретін жақсы жаңалық болды.   

Яндекс.Метрика