Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия ұстазы дәрігерлердің балаларына арналған тегін би сабақтарын жүргізеді

Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Евгений Моисеев бал билерінен ашық онлайн сабақтар өткізуді жалғастыруда. «Би қуаты» әлеуметтік жобасының аясында ағымдағы жылдың 3 тамызынан бастап өткізілетін сабақтар дәрігерлердің балаларына арналған, алайда қыркүйек айынан бастап барлық ниет білдірушілер осы сабақтарға қатыса алады. Кәсіби хореограф жүргізетін сабақтарда балалар бал билерінің негіздерін үйренеді, сондай-ақ сабақтар жобаға қатысушылардың тұлға ретінде дамуына зор үлес қосады.     

«Бидегі қимыл – бұл өмірдегі денсаулық. Мен пандемия кезінде адам өмірінің арашасы болған дәрігер мамандардың балаларына қандай да бір көмек қолын созып, өз пайдамды тигізгім келді, олардың бос уақыттарын жақсы өткізіп, өмірлеріне жаңа серпіліс енгізгім келді» – деп Евгений Моисеев өз ойымен бөлісті.   

 Бал билері бойынша онлайн сабақтар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 19:00-де ZOOM платформасында өтеді. Конференция идентификаторы: 637-146-4604.

Яндекс.Метрика