Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қашықтан оқыту форматында жұмыс істеу үшін біліктілікті арттыру семинары

2020 жылғы 18 – 26 тамыз күндері аралығында  қашықтан оқыту форматында жұмыс істеу үшін Қазақ ұлттық хореография академиясы профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі мен Инженерлік-техникалық бөлімінің ұйымдастыруымен әдістемелік семинар (онлайн режимде) өткізілді.

Әдістемелік семинардың мақсаты – қашықтан білім беруді іске асыру шеңберінде оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамыту.

Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директор Ж. Ж. Толысбаеваның  кіріспе сөзінен бастау алған әдістемелік оқыту семинарында «Қашықтан оқыту үшін оқу контенттерін әзірлеу», Google Classroom,  Microsoft Teams, GoogleMeet, Skype, Discord, НаngoutsMeet бағдарламаларында жұмыс істеу, «Movavi ScreenRecorder-де бейнеконтент әзірлеу» және «Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану» тақырыптарында ұсынымдық-түсіндіру сипатында дәрістер тыңдалды.

Яндекс.Метрика