Қабылдау комиссияларының байланыстары

Астанада ұлттық хореография туралы тұңғыш энциклопедияның тұсаукесері өтеді

1 желтоқсан күні сағат 15.00-де Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында «Қазақстанның хореографиялық өнері» тұңғыш энциклопедиясының тұсаукесері өтеді. Кітап Қазақ ұлттық хореография академиясының «ONER Lab» ғылыми-шығармашылық зертханасы базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында жарық көрді. Авторлары осы оқу орнының жетекші оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері болды.

«Қазақстанның хореографиялық өнері» энциклопедиясы Қазақстанның ұлттық хореографиялық өнерінің 1934 жылы құрылғанынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму процесін көрсететін ұлттық хореография тарихындағы тұңғыш көлемді анықтамалық басылым болып табылады.

Кітапқа 248 тұлға туралы мақалалар, 180 спектакль, 32 шығармашылық топ, 5 оқу орны, 9 хореографиялық байқаулар мен фестивальдер енгізілген.

Энциклопедия қазақ хореографиясының көрнекті қайраткерлерінің фотопортреттерімен, спектакльдер мен ансамбльдердің көріністерінің фотосуреттерімен суреттелген. Дизайн үшін театр және ансамбль қайраткерлерінің жеке мұрағаттарынан, шығармашылық топтардың мұрағаттарынан, ашық интернет көздерінен алынған фотосуреттер пайдаланылды.

Баспа форматында жарияланған энциклопедияның негізінде аттас электронды нұсқасы – қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі http://kazchoreography.kz мамандандырылған сайты жасалды. Сайт аудиторияны кеңейту және ұлттық хореография зерттеушілері үшін Қазақстандағы және шетелдегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Күні: 1 желтоқсан 2023 ж.
Уақыты: 15: 00 сағ.
Орны: Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасы
Аккредиттациядан өту үшін: 8-747-920-2790

Яндекс.Метрика