Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті

Сәуірдің 27 мен 28 күндері Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары «Астана Опера» сахнасында                        Р. Дригоның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» қойылымын сахналады.

«Раушан гүлі мен көбелектің романы» – аса көрнекті балетмейстер Мариус Петипаның үлкен театр сахналарында қойылмай келген соңғы туындысы. Қойылымның әлемдік премьерасы өткен жылдың қараша айында «Астана Балет» театрында сахнаға жол тартқан еді.

Енді міне, хореография академиясының білім алушылары «Раушан гүлі мен көбелектің романын» «Астана Опера» театрының көрермендеріне ұсынды.

«Осынау ғажап спектакльге Академиямыздың әртүрлі жастағы білім алушылары қатысты. Бұл балеттің ерекшеліктері өте көп, сонымен қатар хореографиясы да күрделі. Спектакль Риккардо Дригоның әсерге толы музыкасымен керемет үйлеседі.  Дәл осы «кішкентай жауһар» Хореография академиясының тарихында қалатын үздік бетке ұстар қойылымға айналды», – деп қорытындылады «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова.

Яндекс.Метрика