Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда электрондық оқулықтарды жасау бойынша әдістемелік семинар өтті

27 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында «Электрондық оқулықтар жасау» семинары өтті. Семинар Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қатысуымен екі оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылды.

Семинар барысында оқытушыларға электрондық оқулықтарды өз бетінше әзірлеу мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ, семинарда TurboSite қосымшасында электрондық оқулықтарды құру бойынша әдістемелік нұсқаулық ұсынылды. Енді Академия оқытушылары семинарда алған білімдерін оқу процесіне енгізеді.

Яндекс.Метрика