Қабылдау комиссияларының байланыстары

27 және 28 сәуірде «Астана Опера» сахнасында «Раушан гүлі мен көбелектің романы» өтеді

Қазақ ұлттық хореография академиясы 27 және 28 сәуірде «Астана Опера» театрының сахнасында Рикардо Дригоның музыкасына Мариус Петипаның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» балетін ұсынады.

Ұлы Петиптің бұл туындысы хореографтың өмірінде соңғы және өкінішке орай жүзеге асырылмаған қойылым болды.

Көптеген жылдар өткен соң, осы бірегей балетті қайта жасап, оны жұртшылыққа сыйға тарта алдық. Балет либреттосын хореограф ВАСИЛИЙ МЕДВЕДЕВ пен либреттошы Яна ТЕМИЗ Иван Всеволожскийдің түпнұсқалық либреттосы негізінде қайта жасаған. Балет хореографиясы іс жүзінде жоғалып кеткен және Василий Медведев Қазақстанда қою үшін қайтадан  жасады. 

Оркестрлік партитураның авторы музыкант және музыкалық безендіруші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ДӘУЛЕТ ШӘКІРОВ болды. Балет костюмдерін суретші НАТАЛЬЯ ПРОТАСОВА Иван Всеволожскийдің эскиздері негізінде жасады; сценографиясын ЖАНДОС ОМАРОВ жасаған.

Балетте классикалық бидің барлық түрлері ұсынылған: үлкен ансамбльдер, па-де-сис, па-де-катр, па-де-труа, адажио, вариациялар.

КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

РАУШАН – 2 курс студенттері Камила Шахманова/Алина Зырянова
СФИНКС – курс студенттері Амир Хван/Эркин Базарбаев
НАСТУРЦИЯ – 3 курс студенті Амина Кисембаева
ЛАЛАГҮЛ – 3 курс студенті Лимара Айдарова
ТҮЙМЕДАҚ – 2 курс студенттері  Алина Зырянова/Алима Алиханова
ТРИО: ИРИС, СКАБИОЗА, ФУКСИЯ – 3 курс студенттері Аиша ХалимоллаМеруерт Сатова; студент-стажер Аю Омия
ТҰҢҒИЫҚ – студентка 3 курса Камилла Орманова
ҚОҢЫРАУГҮЛДЕР – курс студенттері Камар Икбалова ВегаЯсмин Байболова
КӨКНӘРЛЕР – орта сынып оқушылары Анеля Алкен, Дарья Митрофанова
КӘДІМГІ АҚ КӨБЕЛЕКТЕР – курс студенттері Бектен ШаимкуловАкбар Иминов
ХРИЗАНТЕМА – «Би ансамблінің әртісі» біліктілігінің 2 курс студенті

Ғазиза Молдахмет /«Би ансамблінің әртісі» біліктілігінің 3 курс студенті студентка 3 курса Аружан Серікбай
БАҚША КӨБЕЛЕГІ – студенты курсов Райымбек Болат/Абай Юсупов
ПЕЛАРГОНИЯЛАР – /«Би ансамблінің әртісі» біліктілігінің курс студенттері Камила СаденоваКамила Шкибаева/Камила Боранбаева, Милана Струсинская
СҰР КӨБЕЛЕКТЕР – курс студенттері Ернар Иманкулов, Алибек Орынбасаров /Ерсултан Тойгулов, Ернар Иманкулов
ШЕГІРГҮЛДЕР, АЛА ҚАЛАМПЫРЛАР, ҚЫЗЫЛ ҚАЛАМПЫРЛАР, ХОШ ИІСТІ БҰРШАҚ, МАРГАРИТКАЛАР, ГОРТЕНЗИЯЛАР, БОТАКӨЗДЕР, ҚЫРМЫЗЫГҮЛДЕР, ТҮЙЕТІКЕН, РАУШАНДАР-КОРДЕБАЛЕТ, ГҮЛКЕКІРЕЛЕР, АСПАН КӨБЕЛЕКТЕРІ, КӨГІЛДІР КӨБЕЛЕКТЕР, КІШКЕНТАЙ АҚ КӨБЕЛЕКТЕР, ПАЖДАР, РАУШАН ГҮЛІНІҢ САБАҒЫ – кіші және орта сыныптардың білім алушылары, Қазақ ұлттық хореография академиясының курс студенттері

Ректор – Ресейдің Халық әртісі АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА

Спектакль дыбыс жазбасына өтеді

Ұзақтығы – бір үзіліспен 1 сағат 30 минут

Яндекс.Метрика