Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан тарих ғылымының философиялық мәселелері

2020 жылдың 15 желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен және Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1974), Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941-1945) Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақстан тарих ғылымының философиялық мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Академик Д. Кішібеков 1925 жылы 15 желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. 1942-1945 жылдары Кеңес одағының батыры А.К. Серов атындағы әскери-авиациялық училищеде әскери борышын өтеді. 1948 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп, 1948-1949 жылдары осы институтта оқытушы болып қызмет атқарған. 1949 жылы ҚР ҰҒА-ның Тарих, археология және этнография «Философия» мамандығы бойынша аспирантураға оқуға қабылданып, КСРО ҒА-ның Философия институтына оқуға жіберілгенге дейін Тарих институтының аспиранты болған. 1950 жылдың 1 қазанынан бастап Қ.И. Сәтбаевтың шешімімен КСРО ҒА Философия институтына іссапарға жіберіліп, аспирантурада оқуын жалғастырды. 1953 жылы сәуір айында Д. Кішібеков аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғап ҚазКСР ҒА қарамағына келген кезде Тарих, археология және этнография институты құрамында философия секторы ұйымдастырылады. Ал 1954 жылы философия секторы Институт құрамынан бөлініп шығып, өз алдына жеке «Философия және Құқық» бөлімі болып қайта құрылады. Міне, осы бөлім кейіннен Қазақстан ҒА-ның «Философия және Құқық» институтына негіз болған. 1953-1959 жылдары Д. Кішібеков ҚазКСР ҒА Философия және құқық бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1959-1960 жылдары ҒА философия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1960-1964 жылдары Қазақстан ҒА Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері. 1964-1996 жылдары Қазақ Политехникалық институтының / ҚазҰТУ-нің Қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі әрі ұзақ жылдар осы институт парткомы қызметін абыроймен атқарған. 1996 жылдан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры. 1991-1992 жылдары Қазақстан Компартиясының тең төрағасы. «Халықтар достығы» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика