Қабылдау комиссияларының байланыстары

Профессор Құсекен Шәукенұлы және қазіргі тіл білімінің зерттеу парадигмалары

КеАҚ «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» аталған оқу орнының 70 жылдық мерейтойына орай 2020 жылдың 25 желтоқсанында тілтанушы ғалым, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Ы.Алтынсарин», «А.Байтұрсынов» төсбелгілерінің иегері, Атырау университетінің Құрметті профессоры Құсекен Шәукенұлының 90 жылдығына арналған «Профессор Құсекен Шәукенұлы және қазіргі тіл білімінің зерттеу парадигмалары» атты республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның жұмыс бағыттары:
– Қазіргі қазақ тіл білімі: дәстүрлі және антропоөзектік зерттеу бағыттары.
– Рухани жаңғыру: ұлттық таным, тұлғалар тағылымы.
– Білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың инновациялық технологиялары.
Конференция материалдар үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын) қабылданады.
Конференция жұмысы қазақ тілінде.
Өткізілу орны мен уақыты: Атырау қаласы, Студенттер даңғылы -1, Бас оқу ғимараты, 2-қабат, Ғылыми кеңес залы, 25 желтоқсан 2020 жыл.
Пленарлық мәжіліс 25 желтоқсанда өтеді.
Тіркеу -сағ. 09.00., басталуы – сағ. 10.00 (Атырау уақытымен).

Конференция мәртебесі және қатысушылары
Конференция жұмысына тіл білімі мәселелерін зерделеп жүрген республикалық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, ізденушілер, жоғары, орта кәсіптік, орта мектеп мұғалімдері, магистранттар, студенттер шақырылады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Яндекс.Метрика