Қабылдау комиссияларының байланыстары

Балаларды қорғау күні: Академия білім алушылары мерекелік концерт қойды

1 маусым күні Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті. 

Концерт бағдарламасына Академия оқытушылары қойған 14 нөмір кірді, оның ішінде қазақ ұлттық билері, Шығыс халықтары билері және спорттық-бал билері бар.

Концертті тамашалауға Академия қызметкерлері мен олардың балалары келді. Сонымен қатар, мерекелік шараға Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Ақұлан Тастемір қатысып, концерт үшін алғысын білдіріп, елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкеновтің атынан Алғыс хат табыс етті.

Яндекс.Метрика