Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия тәрбиеленушілері балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концертіне қатысты

1 маусым күні Ұлттық балаларды оңалту орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концерті өтті. Академия тәрбиеленушілері осы концертке қатысып, жас көрермендерді А. Есмұхановтың «Нәзік» музыкасына қойылған концерттік нөмірмен қуантты.

Орталық басшылығы академия ұжымына мерекелік іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Алғыс хатта: «Ерекше балаларға би өнерін насихаттап, ем алушылардың мәдени деңгейін көтеруге ат салысып, әсем би арқылы көңіл пердесін әсем күйге бөлеп, мерекені бірге тойлағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Мерекелік көңіл-күй сыйлау арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру мен оңалту үрдісіне қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рақмет!»- деп жазылған. 

Яндекс.Метрика