Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қосымша білім беру секторының есептік концертінде 40-тан астам бала өнер көрсетті

28 мамырда Академияның оқу театрында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша жыл сайынғы есеп беру концерті өтті. Концерт Академияның қосымша білім беру және біліктілікті арттыру секторының ұйымдастыруымен өткізілді.

2021-2022 оқу жылындағы есеп беру концертіне білім алушылардың ата-аналары, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер шақырылды. Концерт бағдарламасында 43 орындаушы 8 би нөмірі мен 14 музыка (фортепиано) композициясын ұсынды. Концерт соңында барлық қатысушыларға қосымша білім беру бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Академияның қосымша білім беру секторы ұйымдастырған курстарға балалар да, ересектер де ақылы түрде қатыса алады. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 7172 798 582.

Яндекс.Метрика