Қабылдау комиссияларының байланыстары

Білім беру бағдарламаларын іске асыруда қолданылатын цифрлық технологиялар

2021 жылғы 14-15 қаңтар аралығында Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламаларын іске асыруда қолданылатын  цифрлық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Әдістемелік семинар қонақтары:

– Феруза Әбубәкірқызы Сатыбалдиева, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі;

– Нүрия Молдағалиқызы Омарова, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасының доценті;

 – Анар Сыдыққызы Жұмаханова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының сарапшысы.

Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлжанат Жұмағазықызы Есенбекованың кіріспе сөзінен бастау алған әдістемелік семинар Феруза Әбубәкірқызы Сатыбалдиеваның «Мультимедиа технологияларын қолданудағы практикалық кейстер», Нүрия Молдағалиқызы Омарованың  «ЖОО-да білім берудің инновациялық технологиялары», Анар Сыдыққызы Жұмаханованың «Онлайн сервис для создании видеопрезантации» баяндамаларымен жалғасын тауып, семинар қонақтары қашықтан білім беру кезеңінде білім беру процесінің сапасын арттыруда тиімді де ұтымды   қолдануға болатын цифрлық технологиялармен және оларды пайдалану әдіс-тәсілдеріндегі өзіндік тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік семинардың екінші күнінде Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің тәжірибелі мұғалімдері жаңартылған білім берудегі озық әдіс-тәсілдер және оларды сабақ барысында тиімді қолданудың жолдарымен таныстырып, жас мамандарға әдістемелік кеңестер берді.

Екі күнге созылған әдістемелік семинар соңы сұрақ-жауап, пікір алмасуларға ұласып, пайдалы ақпараттарға толы, әдістемелік мәні жоғары шара болды.

Яндекс.Метрика