Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бірегей кітаптар Академияның кітапхана қорын толықтырды

Кітап сыйлаудың тамаша дәстүрі ғасырлар бойы сақталынып келеді және қазір де жалғасын табуда. Академия кітапханасының қорын толықтыру көздерінің бірі – осы айтылған дәстүр.

Жыл сайын Академия кітапханасына оқырмандардан, оқытушылардан, қоғамдық ұйымдардан, жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдардан басылымдар сыйға беріледі.

Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі. Бірнеше жылдан бері министрлік өкілдері кітапханамызға бірегей кітаптарды сыйға тартып келеді. Бұл жолы кітап қоры «Познание Абая – познание самого себя» атты құнды кітаппен толықты. Онда әлем әдебиетінің інжу-маржандарының бірі саналатын «Абайдың қара сөздері» атақты қазақ және ресейлік ғалымдардың оның шығармашылығы, әлем және орыс әдебиеті классиктерімен параллельдері туралы мақалалары мен жазбалары берілген.

Сондай-ақ кітапханаға авторлары ҚР ҰҒА академигі Исмағұлов Оразақ пен антрополог Исмағұлова Айнагүл «Қазақ халқының шығу тегі» атты бірегей кітаптардың бірі берілді. Кітапта қазақ халқының және оның ата-бабаларының физикалық антропологиясы бойынша ерекше жан-жақты зерттеулердің нәтижелері көрсетілген.

Яндекс.Метрика