Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 531-540 of 1010 results

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»

Наурыз 17, 2021
Бүгін, 17 наурызда Академияда тарих күніне орайластырылған іс-шаралар  өтуде. Бұл күн Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа он күндік тұжырымдамасына сәйкес қазақ халқының шығу тегі мен өткенін зерттеуге арналған. Академия кітапханасы саяси қуғын-сүргін құрбандары мен «Алаш» партиясының жетекшілерін еске алуға бағытталған «Тарихтан …

16 наурыз – «Шежіре күні»

Наурыз 16, 2021

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаев осы жылдың 5 қаңтарында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толатынын және соған орай Наурыз мерекесін ерекше атап өту мақсатында арнаулы тұжырымдама (концепция)  жасауға тапсырма берген еді.  Сол концепция бойынша …

Шетелдік оқу орындарының стипендияларын алу туралы

Наурыз 16, 2021

Ертең, 17 наурыз күні сағат 17:00-де «Халықаралық бағдарламалар, стипендиялар, тілдік курстар және академиялық ұтқырлық» тақырыбында онлайн-кездесу өтеді. Кездесу барысында қатысушыларға тегін оқу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламалар, құжаттарды дайындау ережелері және басқа да қажет ақпарат ұсынылады. Іс-шара ZOOM платформасында өтеді. …

Жетістіктер қатары бір марапатпен толықты

Наурыз 16, 2021

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Мәди Аманбаев «Taraz Open 2021» спорттық бал билерінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Жарыс өткен демалыс күндері Тараз қаласында өтті. «Спорттық бал биі педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын Мәди Аманбаев «Жастар + Ересектер ашық …

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ТАБЫС КІЛТІ

Наурыз 15, 2021

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс …

Академия педагогтары Қазақстанның хореография өнері бойынша энциклопедия жасау грантын жеңіп алды

Наурыз 15, 2021

Академия ұжымы профессор, өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Тазабекқызы Жұмасейітованы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған гранттық қаржыландыруға арналған республикалық байқаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Гүлнар Тазабекқызына «Қазақстанның хореографиялық өнері: тұлғалар, спектакльдер, ұжымдар» жобасының тамаша ұйымдастырылуына тілектеспіз! Келесі …

«Жайлау күні» – Наурыз мерекесін тойлаудың екінші күні

Наурыз 15, 2021

Бүгін, 15 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясында Наурыз мерекесі «Жайлау күні» ұранымен өтуде. Бұл күні педагогтар табиғат тақырыбына арналған сабақтар, викториналар мен конкурстар өткізеді. 1-3 сынып оқушылары «Табиғатты сақта» тақырыбына суреттер көрмесіне қатысты. Академия тәрбиеленушілері өз жұмыстарында түрлі сурет техникасы …

Көрісу күні – Наурыз мейрамының бастауы

Наурыз 14, 2021

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында көктемнің басты мерекесі – Наурызды мерекелеу басталды. Бұл күні Академия қабырғасында «Сәлем – сөздің анасы” атты онлайн іс-шара өтті.  Іс-шара барысында сәлемдесу әдет-ғұрпы мен өнері туралы айтылды. Қазақстанның кейбір өңірлерінде 14 наурыз күні дәстүрлі түрде …

Наурыз мейрамын мерекелеу 10 күнге созылады

Наурыз 11, 2021

14-23 наурыз аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында көктемгі күн мен түннің теңесуі – Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар өтеді. Мерекенің мұндай форматын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. «Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен …

Электрондық кітапхана желісін пайдалану туралы онлайн-вебинар

Наурыз 10, 2021

Ағымдағы жылдың 11 наурызында сағат 17:00-де Академияда «Библиороссика» ЭКЖ» онлайн-вебинары өтеді, оның барысында қатысушылар базалық коллекциялармен және электрондық кітапхана желісінің каталогындағы жаңалықтармен жұмыс істеу қағидаларын талқылайды. Іс-шараға қатысу үшін Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары шақырылады. Онлайн-вебинар …

Яндекс.Метрика