Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Жайлау күні» – Наурыз мерекесін тойлаудың екінші күні

Бүгін, 15 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясында Наурыз мерекесі «Жайлау күні» ұранымен өтуде. Бұл күні педагогтар табиғат тақырыбына арналған сабақтар, викториналар мен конкурстар өткізеді.

1-3 сынып оқушылары «Табиғатты сақта» тақырыбына суреттер көрмесіне қатысты. Академия тәрбиеленушілері өз жұмыстарында түрлі сурет техникасы мен материалдарды пайдаланды. Сонымен қатар, балалар «Құстар үйі» экологиялық акциясын өткізді. Оқушылар өз қолдарымен қала саябақтарына ілінетін көптеген құстар үйін жасады.

Сонымен қатар, «Жайлау күні» Академияда «Гүл – жеріміздің көркі» викторинасы ұйымдастырылды, оның барысында 8-9 сынып оқушылары тәрбиешілер мен педагогтармен бірлесіп оқу сыныптарына арналған сәндік бөлме өсімдіктерін отырғызды.

Бұл акцияның мақсаты – балалардың гүлдер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту, оларды сұлулықты көруге үйрету, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Викторина барысында балалар өсімдіктер және олардың адам өміріндегі рөлі туралы сұрақтарға жауап берді, флора туралы өз жұмыстарын ұсынды, сондай-ақ, бөлме  гүлдеріне күтім жасау және оларды қайта отырғызу ережелері бойынша практикалық жұмыстарды орындады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда Наурыз мейрамына орайластырылған іс-шаралар 10 күнге жалғасады. Мерекенің мұндай форматын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Яндекс.Метрика