Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 541-550 of 1010 results

«Моя мама лучше всех!» атты авторлық өлеңдер байқауы өтті

Наурыз 5, 2021

8 наурыз қарсаңында Академия кітапханасында «Моя мама лучше всех!» атты авторлық өлеңдер байқауы өтті. Байқауға 4 А, 4 Б, 5 А, 6 А, 6 Б, 8 А сынып оқушылары қатысты. Бұл күні балалар аналарға деген сезімдерін өлеңдер арқылы жеткізді. Оқушылардың …

«Өміріңді жандандыр …» атты тренинг өткізілді

Наурыз 5, 2021

Әр адамның саусақ ізі сияқты бірегей арманы болады. Біз өзімізге өмір сүре алатын өмірімізді елестетеміз. Өзіміздің кім болғымыз келетінін және қайда болғымыз келетінін көреміз. Алайда, егер арманды жүзеге асыру үшін ештеңе жасалмаса, ол жүзеге аспай қалады. 2021 жылы ақпанда Қазақ …

«Алтынай Асылмұратова: өмірдегі және сахнадағы серіктестер» атты онлайн кездесу

Наурыз 4, 2021

Бүгін, 4 наурызда сағат 16:00-де Академияның Youtube арнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратованың мерейтойына арналған онлайн-кездесу өтеді. Кездесу қонақтары – Мария театрының атақты прима-балеринасымен бірге билеген, жұмыс істеген хореография әлеміндегі белгілі тұлғалар. Алтынай Асылмұратованың шығармашылығы мен бірлескен жұмысы …

8 наурыз мерекесіне арналған концерт!

Наурыз 4, 2021

5 наурыз күні сағат 14:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған онлайн-концерт өтеді. Іс-шара Академияның YouTube-арнасында көрсетіледі. Нәзік жанды қыздар қауымын 8 наурыз – көктемнің тамаша мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық әйелдер күні – бұл сұлулық, …

Шығармашылық жоғары оқу орындары (хореография) профессор-оқытушылар құрамының ICTM халықаралық ғылыми-практикалық қызметіне қатысуын жандандыру

Наурыз 3, 2021

2021 жылғы 2 наурызда Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында  «Шығармашылық жоғары оқу орындары (хореография) профессор-оқытушылар құрамының  ICTM  халықаралық ғылыми-практикалық қызметіне қатысуын жандандыру» тақырыбында халықаралық онлайн вебинар өткізді. Вебинар лекторы: ICTM-нің Қазақстан Республикасындағы өкілі, …

Хореография білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық пәндік олимпиада нәтижелері

Наурыз 1, 2021

2021 жылдың 25-26 ақпан күндері аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған  жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында Хореография білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен, атап айтсақ, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Тараз, …

English Club зияткерлік ойын жеңімпаздарын жариялады

Ақпан 26, 2021

Ағылшын тілінде сөйлеу практикасына арналған клуб аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Quiz Game» зияткерлік ойыны өтті. Оған бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің 3 командасы қатысты. Іс-шара аясында командалар Қазақстан хореографиясының тарихы, көрнекті бишілердің өмірбаяны, заманауи музыка, кино, сондай-ақ белгілі географиялық …

Анна Франктың «Пана: Хат түріндегі күнделік» кітабы аясында өткізілген «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарын марапаттау

Ақпан 26, 2021

2021 жылдың 24 ақпанында кітапханада Холокост кезінде қаза тапқан кішкентай еврей қызы Анна Франктің күнделігі бойынша өткізілген  «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарына алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылды. Еврей халқының геноцидіне қатысты тақырып Академия оқушыларының жүректеріне терең әсер етті. Олар өздерінің …

Жамбылдың туған күніне арналған ашық сабақ

Ақпан 24, 2021

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған “Жүз жыл жырлаған жүрек” атты ашық сабақ өтті. 6 сынып оқушыларына арналған тақырыптық іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мергүл Қанатқызы Жұмақұлова өткізді. Сабақ барысында оқушылар …

«Наш Александр Селезнёв»: кезекті READх кітапханада

Ақпан 23, 2021

Барлық өнер сүйер қауымды 26 ақпанда сағат 16:00-де Л.А.Жуйкова, А.А.Садыкова, Д.Д.Уразымбетовтың «Наш Александр Селезнёв» атты кiтабын талқылау үшiн READx – online жобасынa катысуға шақырамыз. Спикер – Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 …

Яндекс.Метрика