Қабылдау комиссияларының байланыстары

Дарынды оқушылардың ұлттық сыйлығы байқауының жеңімпаздары

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педогогтер мен білім алушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚР дарынды оқушыларының ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқау өтті.

Өз кезегінде «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында наурыз айында Президентіміздің бастамасын қолдап «ҚР дарынды оқушыларының ұлттық сыйлығы» атты Республикалық өнер байқауы ұйымдастырылды.

Байқауды өткізудің мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, сөздік қорын дамыту, Тәуелсіздікті насихаттау.
Осы аталған байқауға Қазақ ұлттық хореография академиясының 2 «а» сынып оқушылары белсене қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Хамит Сая

I дәрежелі Дипломмен, Игликова Дария жеңімпаз атанып, II дәрежелі Диплом және төс белгімен марапатталды.
Сонымен қатар Игликова Дарияның «Менің идеям-Тәуелсіз елім үшін» тақырыбындағы жұмысы «ҚР дарынды оқушыларының ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқауының материалдар жинағына енді.

Сынып жетекшісі Кимпейсова Лязат Бекеновна шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Яндекс.Метрика