Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ғылыми тағылымдама туралы ақпарат

Жыл сайын Қазақ ұлттық хореография академиясының магистранттары мен докторанттары Ресей, Грузия, Қытай, Латвия, Италия, Польша, Ұлыбритания, Түркия, Финляндияның серіктес жоғары оқу орындарында шетелдік ғылыми тағылымдамалардан өтеді. Алайда, коронавирустық пандемия біздің күнделікті өмірімізге, соның ішінде білім беру саласына айтарлықтай түзетулер енгізді. Биыл магистранттар мен докторанттардың дәстүрлі шетелдік тағылымдамалары онлайн форматта өтті.

Көктемде екінші оқу жылының магистранттары мен докторанттары Ресей театр өнері институты, Хельсинки қ. Театр өнері академиясы және Баку хореография академиясы қашықтан форматта ұйымдастырған ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама кезінде білім алушылар шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаудың заманауи әдістерімен танысты. Шетелдік ЖОО-ның ғылыми жетекшілері ұйымдастырған онлайн дәрістер мен шеберлік сыныптарына қатысты. Сондай-ақ, студенттер ГИТИС электронды кітапханасына қол жеткізді, онда олар магистрлік және докторлық диссертациялардың зерттелетін тақырыбы бойынша материалдармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. 

«Екінші жыл докторант ретінде мен Хельсинки өнер университетінде профессор Ханна Ярвиненде ғылыми тағылымдамадан өттім. Профессормен жасаған жұмыс, оның студенттермен қарым-қатынас жасаудағы оңай тәсілі терең және өте жағымды әсер қалдырды. Сонымен қатар, университетте бай онлайн кітапхана, керемет студенттік өмір (тіпті қашықтықтан) және басқа елдерден шетелдік спикерлер жиі шақырылатын қызықты семинар курстары бар. Мен ұмытылмас тәжірибе алдым және біздің докторанттар үшін осындай мүмкіндік үшін Академияға ризамын» – деп докторант Шомаева Дилара өз әсерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика