Қабылдау комиссияларының байланыстары

Латвиядағы «Silver Palm Baltija» байқауының Гран-при иегері

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Аққанат Смағұлова Латвиядағы «Silver Palm Baltija» (Балтық күміс пальмасы) беделді халықаралық байқауының екі жүлдесін жеңіп алды.

Байқау қорытындысы бойынша Хореография факультетінің 1 курс студенті Аққанат Смағұлова «Аққу» композициясымен (А. Садықованың қойылымы) 1 сыйлық Лауреаты атағын, сондай-ақ «Тұмарым» хореографиялық миниатюрасымен (А. Шәмшиевтің қойылымы) «Silver Palm Baltija» Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

«Балтық күміс пальмасы» бұл Латвияда жыл сайын өткізілетін және вокал, ерекше жанр, аспаптық музыка және хореография сияқты бағыттар бойынша ең мықты әртістер бас қосатын танымал шығармашылық байқау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл онлайн форматта байқауға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Босния, Венгрия, Греция, Қазақстан, Канада, Кипр, Латвия, Ливан, Литва, Молдова, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Таиланд, Өзбекстан, Украина, Швеция және Эстония өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Аққанат Смағұлова халықаралық хореографиялық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, осы жылдың сәуір айында Аққанат Смағұлова Мәскеуде өткен «Би ырғағында 2021» халықаралық хореографиялық өнер байқауында да осындай нәтижемен жеңіске жетті.

Яндекс.Метрика