Қабылдау комиссияларының байланыстары

Халықаралық нүкте күні

15 қыркүйек кітапханада «Халықаралық нүкте күні» мерекесі өтті. Мерекенің негізі Питер Г. Рейнольдстың «Точка» кітабы болды.

Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары, мұғалімдер және Академия қызметкерлері қатысты. Кітаптың бас кейіпкері – Вашти атты қыздың жетістіктерімен шабыттанған оқушылар мен Академия қызметкерлері өздерінің  суреттері арқылы шығармашылық ойларын ортаға салды.

Кейбіреулер үшін үлкен Ғалам нүктеге айналды, ал басқалары әлемді көптеген нүктелердің бірігуі ретінде қарастырды! Бұл мерекеде балалар да, ересектер де әлемге деген көзқарастарын нүктелер арқылы бейнелеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, көңіл-күйлерін, қиялдары мен таланттарын көрсетті.

Яндекс.Метрика