Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореография академиясында түлектер кеші өтті

27 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру, бакалавриат және магистратура мектеп-колледжінің оқу бітірген түлектерінің кеші өтті.

Академия ректоры Алтынай Асылмұратова құттықтау сөз сөйледі.

«Барлық түлектерді құттықтаймын. Дипломдарыңыз сөреде қалмай,  оны лайықты қолдана аласыздар деп үміттенемін. Сіз үшін оқу аяқталды, бірақ, біздің академия Сізді жақсы көреді және әрқашан  қолдап жүреді. Сізге шығармашылық жолыңызда шыдамдылық, шабыт және табандылық тілеймін. Сондай – ақ барлық педагогтар мен тәрбиешілерге еңбектері үшін алғыс айтқым келеді», – деп атап өтті А.Асылмұратова.

«Балет әртісі» және «Би ансамблінің әртісі» біліктілігінің «Хореография өнер» мамандығының түлектері техникалық және кәсіптік білімін аяқтағаны туралы диплом алды. Бакалавриат және магистратура түлектері «Хореография педагогикасы», «Спорттық бал биінің педагогикасы», «Хореография режиссурасы», «Өнертану» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша дипломдар алды.

«Балет әртісі» біліктілігі «Хореография өнері» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткені туралы сертификаттарды Жапония мен Мексикадан келген тағылымдамадан өтушілер де алды.

Кеш түлектер мен оқытушылардың вальсімен аяқталды.

Яндекс.Метрика