Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Менің дене шынықтырумен айналысуым» видеоконкурсының қорытындылары

2020 жылғы 14-19 қазан аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Менің дене шынықтырумен айналысуым» атты видеоконкурс өтті. Конкурсқа кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 4-6 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты: Академия тәрбиеленушілерінің дене белсенділігін жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Конкурсқа қатысу үшін балалар 24 видеоролик ұсынды. Әділ қазылар алқасының мүшелері конкурстық жұмыстарды қарап, оның қорытындысы бойынша ең қызықты, креативті, есте қалатын және конкурстың негізгі міндеттеріне сай видеороликтерді таңдап алды. Бұл жұмыстар жүлделі орындар және әртүрлі номинациялардағы дипломдармен атап өтілді. 

Конкурс жеңімпаздары:
1-орын – Адильхан Кайрат (6 «А» сыныбы); 
2- орын – Ахметғали Баязет, Төлеген Назым (6 «Б» сыныбы);
3- орын – Слямханова Назерке (4 «Б» сыныбы); Русланкызы Амина (4 «А» сыныбы);
Спорттағы тапқырлығы үшін – Соловьева Екатерина (4 «Б» сыныбы);
Креативтілігі үшін – Сапарова Сабина (4 «Б» сыныбы);
Белсенділігі үшін – Нұрлан Айбар (4 «А» сыныбы);
Ең спорттық отбасы – Ду Юфэй (4 «Б» сыныбы);
Шығармашылығы мен шабыты үшін – Спиваков Даниэль (5 «Б» сыныбы);
Белсенді өмір салты үшін – Мухамедова Адия (4 «Б» сыныбы);
Салауатты өмір салтына ұмтылысы үшін – Жұмабай Таңшолпан (5 «А» сыныбы).

Конкурсқа өздерінің видео-жұмыстарын жолдаған барлық балалар конкурсқа қатысушы дипломымен марапатталатын болады.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз, сондай-ақ барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, оқуда және шығармашылықта үлкен табыстар тілейміз!

«Менің дене шынықтырумен айналысуым» видеоконкурсының қорытындылары

Яндекс.Метрика