Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Изумруд қаласының сиқыршысы»

2023 жылдың ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында Александр Волковтың «Волшебник Изумрудного города» ертегісінің 4б сынып оқушыларымен кезекті оқулары өтті. Іс-шараны профессор, филология ғылымдарының докторы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақ ұлттық хореография академиясының ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директоры Жанна Жеңісовна Толысбаева өткізді.

Көркем мәтіндерді бірге оқу және тыңдау – өте қызықты жұмыс. Бұл оқулар балаларда жағымды қасиеттерді тәрбиелейтін процесс, әсіресе ол бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында өткізіліп және тәрбиелік маңызы зор әдебиеттерге негізделсе. Александр Волковтың ертегілері достық пен жақсылықтың күшіне сенетін мейірімді, батыл ұлдар мен қыздардың бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Бүгін кітапханада осы құндылықтар туралы әңгіме болды.

Оқу барысында Жанна Жеңісқызының актерлік шеберлігі балаларда жағымды эмоциялар мен  көтеріңкі көңіл-күй тудырды. Кездесу соңында балалар оқытушыны өздерінің терең ойларымен таң қалдырды, ең бастысы, әрқайсысы мейірімді, жанашыр жүрекке ие бола отырып, өздерінің Изумруд бақыт қаласын құра алатындарына сенімділік туып,  осы тамаша кітапты одан әрі оқуға қызығушылық танытты.

Яндекс.Метрика