Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бхаратанатьям – академияда үнді биінен мастер-класс өтті

Ақпанның 20 күні Хореография академиясында Бхаратанатьям үнді элиталық классикалық биі бойынша Ақмарал Қайназарованың шеберлік сыныбы өтті.

Ақмарал Қайназарова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер магистрі, «Этникалық би» номинациясында 2003 жылғы әлем чемпионы (Голливуд, АҚШ).

Шеберлік сыныбы барысында Ақмарал Қайназарова академия студенттеріне би техникасының негізгі элементтерін көрсетті: аяқ пен қолдардың негізгі позициялары, пируэттердің нұсқалары, кешенді қозғалыстар — адаву. Студенттер сонымен қатар кейбір қол қимылдарымен, олардың мағынасы және биде қолдану мысалдарымен танысты.

Ақмаралдың шеберлік сыныбы студенттердің көңілінен шығып, тек білім ғана емес, сонымен қатар жарқын эмоциялар сыйлады.

Академия ұжымы мен білім алушылары Ақмарал Қайназароваға алғыстарын білдіреді.

Ақмарал, мастер-класта көрсеткен жоғары кәсібилігіңіз және бірегей авторлық табыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің жеке мысалыңыз бен өнердегі жетістіктеріңіз біз үшін үлкен шабыт көзі болып табылады. Сізге шығармашылықта үлкен жетістіктер мен жеңістер тілейміз және ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенеміз.

Яндекс.Метрика