Қабылдау комиссияларының байланыстары

Кітапханада «Батыр бабамыз – Бейбарыс» ақпараттық сабағы өтті

2023 жылдың 11 қазанында кітапханада 8А сынып оқушылары арасында  «Батыр бабамыз – Бейбарыс» атты ақпараттық сабақ өтті. Сабақ барысында кітапхана маманы Сапаргалиева Айгүл атақты қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың өміріне тоқталып, Learningapps платформасын қолдана отырып,  оқушылар арасында викторина өткізді. Іс-шараға «Сұлтан Бейбарыс» балетінде бала Бейбарыстың рөлін сомдаған 9А сынып оқушысы Бекдаулет Сарсенхан қатысып, сұхбат беріп, аталмыш балет төңірегінде өз ойларымен бөлісті.  Сабақ барысында оқушылар викторина сұрақтарына белсенді жауап берді. Барлық балалар сабақ процесіне белсенді қатысып, іс-шара  жаңа форматта қызықты әрі танымды өтті.

Яндекс.Метрика