Қабылдау комиссияларының байланыстары

Корней Чуковскийдің ертегілерін оқимыз

Халықаралық би күнінде Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында 3Б сынып оқушыларымен Корней Чуковскийдің «Телефон» өлеңі бойынша интерактивті оқу сабағы өткізілді. («Менің телефоным шырылдады»).

Іс-шараны «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы өткізді.

Оқудың мақсаты – өлеңдерді мәнерлеп оқу арқылы балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамыту.

Бибігүл Нұрғалиқызы мен оқушылар «Телефон» өлеңін оқу кезінде ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, мүйізтұмсық, елік, кенгуру, бегемот сияқты жануарлардың дауыстарымен сөйлеп, өлеңді мәнерлеп оқыды. Мәнерлеп оқу балаларға шығарманың негізгі идеясын түсінуге және басты кейіпкерлерді есте сақтауға көмектеседі. Осылайша, балалар сауатты, эмоционалды көркем сөйлеуді игеруге қадам жасайды. Корней Чуковскийдің өлеңдері бойынша бір емес бірнеше буын өкілдері өсті. Көпшілік сүйетін, поэтикалық формада жазылған бұл ертегілерді есте сақтау өте оңай және балаларды мейірімділікке, достыққа және батылдыққа үйретеді.

Ертегіні оқыған соң балалар ертегі желісі бойынша суреттерді бояуға кірісті. Суреттерді бояу – бұл өте қызықты және пайдалы іс-шара, ол балалардың көркемдік талғамын және қиялын дамытады.

Іс-шара мектеп оқушылары арасында жағымды әсер қалдырып, олардың мәнерлеп оқуға деген қызығушылығын тудырды.

Яндекс.Метрика