Қабылдау комиссияларының байланыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындысы

Қазақ ұлттық хореография академиясы базалық ЖОО құқығында 2021 жылғы 19 сәуір мен 23 сәуір аралығында өткен 5В040900 «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының II кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының педагог-репетиторы Рүстем Серікбайұлы Сейітбеков бастаған Академияның жетекші ғалымдары құрамындағы конкурстық комиссия ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысын шығарды. Биылғы жылы Хореография бөлімі бойынша 6 жоғары оқу орны: Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің 10 жұмысы келіп түсті.                          Т.Қ. Жүргенов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, Қазақ ұлттық хореография академиясының конкурстық комиссиясы келесі студенттерді марапаттауға ұсынды:

  1. Министрліктің I дәрежелі дипломымен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 5B040900 — «Хореография» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Нұрмағамбетова Медина Жабаевна марапатталды.
  2. Министрліктің II дәрежелі дипломдарымен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 5B040900 — «Хореография» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Дрягина Екатерина Николаевна және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 5B040900 – «Хореография» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Дәуен Динара Мейрамханқызы марапатталды.
  3. Министрліктің III дәрежелі дипломдарымен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 5B040900 — «Хореография» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Ташенова Айнель Аблаевна және Қазақ ұлттық хореография академиясының 5B040900 –«Хореография» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Жунусова Еркежан Маратовна және Тен Татьяна Альбертовна марапатталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Ғылыми және шығармашылық салада сәттілік тілейміз!

Яндекс.Метрика