Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мамандандырылған аккредиттеу бойынша оқыту семинары

2022 жылғы 7 қазанда өнер факультетінің өнертану және арт-менеджмент кафедрасының 7М02105-Арт-менеджмент білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеуді өткізуге дайындық бойынша жұмыс тобының мүшелері үшін профессор, п.ғ.д., «Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесінің сарапшысы Г.З. Әділғазиновтың қатысуымен оқыту семинары өтті.

Сарапшы ESG-2015 (екінші басылым) негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мамандандырылған аккредиттеудің нұсқаулығы мен стандарттарын ұсынды, аккредиттеуден өту шарттары мен қағидаларын, аккредиттелетін білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау жөніндегі есебін жазу үшін негізгі критерийлер мен талаптарды түсіндірді.

2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығында халықаралық сыртқы сараптама комиссиясымен аккредиттелетін білім беру бағдарламасына сыртқы аудит жүргізілмекші.

Анықтама: «Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КЕМ Қазақстан Республикасы уәкілетті органының танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген:

https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/accreditation/accredited_organizations  

Яндекс.Метрика