Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мектеп білім алушыларының ата-аналарына арналған жадынама

Құрметті ата-аналар мен білім алушылар!

Коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту жағдайында 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап “Қазақ ұлттық хореография академиясы” КАҚ кәсіптік білім беру мектеп-колледжі қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып қашықтықтан оқытуға көшеді.

Қашықтықтан оқыту – бұл мұғалім/оқытушы мен білім алушылардың оқу процесіне тән компоненттерді көрсететін және интернет-ресурстар (ZOOM, электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т.б.) және ТВ-сабақтар арқылы жүзеге асырылатын ара қашықтықта өзара әрекеттестігі.

Академия ТВ-сабақтар кестесіне сәйкес білім алушылардың сабақ кестесін құрастырып, 2020 жылдың 4 сәуіріне сабақ кестесі Академияның интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ сынып жетекшілері арқылы сізге хабарланады.

Ата-аналар мен балаларға арналған қашықтықтан оқыту бойынша жадынама:
– сабақтар қатаң бекітілген уақыт бойынша өткізіледі (кесте бойынша бақылау);
– компьютер  (телефон, планшет) зарядының толық болуы керек, кештен бұл туралы қамданыңыз;
– оқыту оқу үшін арнайы бөлінген орында жүргізіледі;
– балалар  таза, шаш үлгісі жинақы, ұқыпты киінген болу керек (пижамада, халатта емес т.б.), арнайы сабақтар кезінде білім алушылар Академия талаптарына сәйкес балет формасында киінуі тиіс. Қыздардың шашы жиналған болуы тиіс;
– сабақ кезінде бөлмеде ұйыған тыныштық болуы керек, бөтен дыбыстарды өшіріп, басқа балалардың, үй жануарларының бөлмеде болуын болдырмау қажет;
– сабақ кезінде балалар бөлмеден шықпауы, тамақ ішпеуі, бөтен заттарға алаңдамауы, онлайн-сабақтан шықпауы тиіс;
– егер мұғалім/оқытушы сұрақ қойса, қолын көтеріп жауап беруге болады;
– оқушы мұғалімнің/оқытушының нұсқауларын нақты орындауы тиіс;
– мұғалімге/оқытушыға сабақты түсіндіру аяқталғаннан кейін ғана сұрақ қоюға болады, яғни ол туралы мұғалім/оқытушы сұрағанда;
– сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатқа жазуға тыйым салынады, дыбыс болмаған және балаға естімілмеген жағдайды қоспағанда;
– сұраққа жауап берген кезде балаға орнынан тұру қажет емес;
– сабақты суретке түсіруге, бейнеге түсіруге және әлеуметтік желілерге таратуға тыйым салынады;
– ата-аналарға сабақ барысына араласуға қатаң тыйым салынады;
– баланың сабақта қатысуы үшін ата-ана жауап береді.

Білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) :
– жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша оқыту үшін жағдай жасау;
– онлайн сабаққа кешікпей, уақытылы қосылуға көмектесу және қадағалау;
– сабақ кестесімен танысу;
– онлайн-сабақтарға қатысуды бақылауды жүзеге асыру;
– балаға өз бетімен оқу үшін оқу материалдарын алу үшін жеке кабинетке электронды күнделікке, электрондық поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына (WhatsApp-чаттарға) кіруге көмектесу;
– білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
– сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыс орнату.

Білім алушы:
– қол жетімді байланыс құралдары (электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т. б.) арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
– күн сайын кестеге сәйкес ТВ-сабақтарының трансляциясын, сондай-ақ пән мұғалімі көрсеткен барлық қол жетімді электрондық платформаларды қарауға міндетті.;
– Академиямен орнатылған қол жетімді байланыс құралдары (электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т. б.) арқылы күн сайын тапсырмаларды өз бетінше орындайды;
– сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен, арнайы пәндер оқытушыларымен күнделікті байланыста болады;
– пән мұғалімі немесе арнайы пәндер оқытушысы түсініктемесінен кейін қателерді орындайды;
– күн сайын электрондық күнделіктегі жеке кабинетке, электрондық поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына (WhatsApp-чаттар) өздігінен оқу үшін оқу және материалдарын алу үшін кіреді;
– мұғалімдердің/оқытушылардың талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды сканерлеп немесе фото бейнеге түсіріп педагогке қол жетімді байланыс құралдары (электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т. б.) арқылы күн сайын жібереді;
– оқу тапсырмаларын орындау кезінде Академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
– қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.

Ата-аналарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, өз балаңызға оқу материалын меңгеруге, мұғалімге/оқытушыға қажетті байланыс орнатуға және қажетті нәтижелерге бірге қол жеткізуге көмектесуіңізді сұраймыз.

Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін онлайн психологиялық қолдау, кеңес алуға болады. Педагог-психолог Байтукова Баян Оразғалиқызы, байланыс мәліметтері: WhatsApp – 8 701 455 5878

Яндекс.Метрика