Қабылдау комиссияларының байланыстары

Өнер факультеті «7M02105 – Арт-менеджмент» бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтті

Құрметті әріптестер!

Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер факультетінің өнертану және арт-менеджмент кафедрасы «7М02105 – Арт-менеджмент (бейіндік бағыт)» білім беру бағдарламасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мамандандырылған аккредиттеу халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден сәтті өткенін қуана хабарлаймыз.

2022 жылғы 29 желтоқсанда «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КЕМ Аккредиттеу кеңесі «7М02105 – Арт-менеджмент (бейіндік бағыт)» білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы оң шешім қабылдады, максималды мерзімі 5 жыл. Аккредиттеу 2022 жылғы 29 желтоқсаннан 2027 жылғы 28 желтоқсанға дейін жарамды.

Академия ұжымына үлкен табыстар мен жетістіктер тілейміз!

«Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КЕМ білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық желілер мен агенттіктердің (ENQA, CEENQA, INQAAHE және т.б.) мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің танылған аккредиттеу органдарының ұлттық тізіліміне енгізілген.

Яндекс.Метрика