Қабылдау комиссияларының байланыстары

Парасаттылық сағаты

2023-2024 оқу жылына арналған жастар мен профессор-оқытушылар құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау мақсатында Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі 2023 жылғы 14 қыркүйекте бакалавриаттың 1-2 курсының студенттерімен және педагогтарымен парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған бірыңғай сағат форматында ақпараттық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Академияның комплаенс-офицері М.Р. Каирбекова мен ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және аккредиттеу бөлімінің бас маманы М.С. Косиди сөз сөйлеп, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Яндекс.Метрика