Қабылдау комиссияларының байланыстары

Президенттің тапсырмалары – елдің қарышты дамуы жөніндегі іс- шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде елдің қарышты дамуы мен тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың басым бағыттарын белгіледі. Мемлекет басшысының тапсырмалары – Үкімет пен бүкіл мемлекеттік аппарат үшін шұғыл орындалуға тиіс нақты стратегиялық іс-қимыл жоспары.            

Өткен сайлау жоғары деңгейде өтті, Парламенттің жаңа құрамының мүшелері Қазақстан халқының сенімін ақтап, жұмыс қарқынын арттыруы тиіс. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлау процесіне көппартиялық жүйенің дамуына және демократияландырудың нығаюына ықпал ететін бірқатар нақты өзгерістер енгізу қажет деп атап өтті.           

Жылдан жылға ел басшылығының сөйлеген сөздері мен бағдарламалық құжаттарында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен қатар шешуші позициялардың бірі жас ұрпақтың мәселелерімен айналысатындығы қуантады.            

Президент өз сөзінде 2050 жылға қарай «Қазақстанның еңбек нарығын анықтайтын» жастар мен балалардың проблемалық мәселелерін шешуге баса назар аударды. Осылайша, білім беру саласында үлкен реформалар жүзеге асырылуда. Ол әртүрлі әлеуметтік топтар мен аймақтар арасындағы білім сапасының алшақтығын төмендетуді маңызды міндет ретінде анықтады. Мемлекет басшысы «жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың  біліктілігін үнемі жетілдірудің жаңа саясаты қажет» деп баса айтты. Ол үшін мемлекет арнайы ұлттық жоба әзірлейді.            

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, болашақта «жас ұлтқа» осындай инвестициялар елдің табысы мен өркендеуінің кепілі болады.          

Жалпы алғанда, Президент азаматтардың жан-жақты қолдаудың басты принципі болып табылатын әлеуметтік қамтамасыз ету саясатын қайта ретке келтіру қажеттігін атап өтті. 

Яндекс.Метрика