Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Прокрастинация: кейінге қалдыруды қалай тоқтатуға болады?» тренингі

2020 жылғы 13 қазанда тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психолог-оқытушысы Ибрагим Марал Болатханқызы «Прокрастинация: кейінге қалдыруды қалай тоқтатуға болады?» тақырыбында Кәсіптік білім беру колледжі және ЖОО студенттерімен онлайн режимде тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: өзіндік тәртіп дағдыларын дамыту.

Қазіргі заманда студенттер үнемі өз міндеттерін орындауға уақыт тапшылығын сезінеді. Мұндай жағдайларға олар өз күшін, уақытын және ресурстарын дұрыс жоспарлап, жұмсаған болса бейімделе алады деп саналады. Алайда, студенттердің кейбір істерін орындауды «кейінге» қалдыруы сирек емес. Соның өзінде олар болмашы іспен айналысып, бірақ шын мәнінде маңызды жұмысты орындамайды. Нәтижесінде, бұл маңызды міндеттердің орындалуы үнемі кейінге қалдырылады да, олар соңғы сәтте орындалады, немесе мүлдем орындалмайды. Істі «кейінге» қалдырудың бұл құбылысы прокрастинация деп аталады.

Прокрастинацияның бірнеше құрамдас бөліктері бар, олардың ішіндегі ең маңыздысы – істің кейінге шегерілу фактісі және мерзімдердің болуы. Олар өзара байланысты. Прокрастинация әрқашан жағымсыз салдармен жалғасады, ол әрқашан жағымсыз эмоциялармен және уайыммен байланысты, мысалы: үрейлену, кінәлік сезімі және т.б. Кейінге қалдыру құбылысы өнімділікке, дербестілікке және жеке тұлғаның жауапкершілігіне ерекше талаптар қоятын қазіргі қоғамның талаптарына қайшы келеді. Бұл осы тренингті өткізуге себепші болды.

Тренингте студенттер прокрастинация мен кәдімгі жалқаулықтың арасындағы айырмашылықты, прокрастинация себептерінің жіктелуін және оның қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін білді. Сондай-ақ, студенттерге 8 қадамнан тұратын прокрастинациялау жағдайын еңсеру бойынша ұсыныстар берілді.

Тренингке кәсіптік білім беру колледжінің, хореография және өнер факультеттерінің 1-4 курс студенттері қатысты. Студенттер прокрастинация себептерін талқылауға белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді. Тренингтің соңында олар психологқа кері байланыс берді. Студенттер бұл тақырыптың өзектілігі туралы айтып, осындай тренингтерді жиі өткізуге ниет білдірді.

Яндекс.Метрика