Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия Азия университеттері қауымдастығына мүше болды

Қазақ ұлттық хореография академиясы Азия университеттері қауымдастығына мүше болды. 

Академияның аталған Қауымдастық құрамына кіруі туралы шешім үстіміздегі жылдың қыркүйек айында онлайн форматта өткен жалпы жиналыста бірауыздан қабылданды. Академияның Қауымдастыққа кіруі халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белестерін және академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру мен бірлескен халықаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашудағы маңызды қадам болып табылады.

Қауымдастықтың мақсаты  – Азия өңірінде бірыңғай білім беру беру кеңістігін, жоғары білім беру саласындағы интеграциялық процестердің мықты күшін  қалыптастыру, академиялық ұтқырлық және мәдени байланыстарды кеңейту.   

2013 жыл құрылған Қауымдастық бүгін күні Армения, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Малайзия, Ауғанстан және Өзбекстан мемлекеттерінің 99 жоғары оқу орнын біріктіреді.

Сертификат о членстве в Ассоциации азиатских университетов

Яндекс.Метрика