Қабылдау комиссияларының байланыстары

Рамазан Баповтың туғанына 75 жыл

Алматыда Қазақстанның хореографтар Одағы ұйымдастырған көрнекті балет әртісі Рамазан Баповтың туғанына 75 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті.

Фото пресс-службы АХУ им. А. Селезнева 

Қазақ ұлттық хореография академиясы ректорының м.а. Бибігүл Нүсіпжанова, тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директор Алила Алишева және өнертану кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Жұмасейітова КСРО және ҚазКСР Халық әртісі Рамазан Баповтың 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Іс-шаралар 12 және 13 қарашада Алматы қаласында өтті. 

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің Ш. Жиенқұлова атындағы оқу театрында Рамазан Баповтың шығармашылық жолына арналған зерттеу конференциясы өтті. Бұл конференцияға көрнекті мәдениет және балет өнерінің қайраткерлері қатысты, олардың ішінде: Ресей Федерациясының халық әртісі, ММХА профессоры Валерий Анисимов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Астана Балет театрының педагог-репетиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі Людмила Ли болды.

Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Гүлнара Жұмасейітова «Қазақстанның көрнекті балет әртісі, балетмейстер, хореограф, педагог, Қазақстандағы КСРО-ның жалғыз Халық әртісі – Рамазан Салықұлы Бапов» атты баяндама жасады.

Конференция А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі оқушыларының өнер көрсетуімен аяқталды.

Екінші күн Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Рамазан Бапов атындағы балет залының ашылуымен атап өтілді. Ұлы әртістің өмірлік жары және музасы Людмила Рудакова дәстүрлі қызыл лентаны кесті.

Сонымен қатар, кеш қонақтарының назарына З. Райбаевтың хореографиясындағы А. Хачатурянның «Спартак» балеті ұсынылды. Бұл балет кездейсоқ таңдалмалмаған: Спартак партиясы – Рамазан Баповтың көрермен көңілінен шыққан образдарының бірі. Осы кеште Спартактың рөлін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Азамат Асқаров сомдады.

Фото пресс-службы КазНТОБ им. Абая

 

Яндекс.Метрика