Қабылдау комиссияларының байланыстары

СҒЗЖ-2022

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өнер» бөлімінде студенттер арасында жыл сайынғы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын өткізеді.
СҒЗЖ-2022 байқауының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) анағұрлым талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

СҒЗЖ республикалық конкурсы 3 кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – ЖОО ішілік;
2) екінші кезең – базалық ЖОО ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында;
3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық.

Конкурсты өткізу мерзімдері:
I кезең – ЖОО ішілік (комиссия құрамы осы кезеңді өткізетін ЖОО ректорының бұйрығымен айқындалады).
II кезең – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында 2022 жылғы 15 наурыздан 15 сәуірге дейін;
III кезең – республикалық 2022 жылғы 16-30 сәуір аралығы.

СҒЗЖ туралы ЖОО-ға Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика