Қабылдау комиссияларының байланыстары

Сағындықова София Зулхарнаевна

Сағындықова София Зулхарнаевна – 1956 жылдың 2 ақпанында Атырау қаласында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық инcтитутына 1973 жылы түсіп, 1978 жылы биология және қосымша химия пәні мұғалімі мамандығын үздік аяқтады.
Алғашқы еңбек жолын 1978-1979 ж.ж Орталық бекіре және балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының (ЦНИИОРХ), гидрохимия зертханасында инженер болып қызметінен бастады.
1979-1984ж.ж. – Гурьев педагогикалық институтының АҚ және медициналық даярлық кафедрасы, ботаника кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.
1984-1989 ж.ж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты
1990 жылы 03.00.07-Микробиология бойынша «Изучение молочнокислых бактерий муки и использование их в хлебопечении» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2005жылы 03.00.07 – микробиология бойынша “Қазақстанның әртүрлі аймақтарының ферменттелген және ферменттелмеген өнімдеріндегі сүт қышқылы бактерияларының алуан түрлілігі (биологиялық белсенділігі мен практикалық маңызы)” атты тақырыпта алғаш қазақ тілінде микробиологиядан докторлық диссертация қорғады.
Ғылыми дәрежесі: Биология ғылымының докторы, профессор
Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі академиясының (МАНЭБ) және Ресей жаратылыстану академиясының академигі, Халықаралық ISESKO (ИСЕСКО) сыйлығының лауреаты.
1989-2001 ж.ж. – Аль-Фараби атындағы ұлттық университетінің доценті, бас инженері және аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
1994-1998 ж.ж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының доценті болды.
2001жылдан бастап Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқу ісі, оқу- әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры және ректор м.а. қызметінде басшылық жасады.
Биология және ауылшаруашылық пәндер кафедрасының профессоры, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы «Биотехнология» ғылыми –зерттеу орталығының директоры.
Сағындықова София Зулхарнаевна 200-ге тарта ғылыми еңбек, оның ішінде 4 авторлық куәлік, 7 алдын ала патент, 4 инновациялық патент авторы. Сонымен қатар 9 кітап авторы, 3 монография, 5 электронды оқулық, 1 оқулық, 5 оқу-әдістемелік құрал, 3 оқу- әдістемелік нұсқау авторы.
Сағындықова София Зулхарнаевна басшылығымен аспиранттар және магистранттар кандидаттық және магистрлік диссертацияларын микробиология, биология, экология бағыттарында сәтті қорғап шықты.
Марапаттар, ғылыми жетістіктері:
2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы;
2006 жылы Кувейт, Марокко елінде өткен ИСЕСКО гран-при жеңіп алып алтын медаль және халықаралық сыйлығының (ИСЕСКО) ақшалай сыйлығымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды
2006 жылы ҚР –ның Білім және ғылым министрлігінің ғылым мен техниканың дамуына көрнекті үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
2011 жылы «Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу елеулі прогресс үшін Ы.Алтынсарин атындағы төс белгімен марапатталды.
2011 жылы «ЖОО -2011 Үздік оқытушысы конкурсының жеңімпазы».
2012 жылы Қазақстан «Үздік Адамдар», «Табысты адамдар» төс белгісімен марапатталды.
2012 жылы РАЕ В.И.Вернадской атындағы медалі, 2013жылы Н.И.Вавилов, Альфреда Нобеля және 2017 жылы «За заслуги» медальдарымен марапатталды.
2018 жылы ҚР –ның Білім және ғылым министрлігінің ғылым мен техниканың дамуына көрнекті үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған конкурсқа қатысып, мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.
Сағындықова София Зулхарнаевна отбасында 4 баланың анасы (Ләззат, Жанаргүл, Жадыра, Асылмұрат) және немерелерінің (Бексұлтан, Айжан, Амина, Аслан, Ануар, Аиша, Абай, Айлин) сүйікті әжесі.
Жұбайы Амангелді Сариев Дулатұлы физика-математика ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Конференция бағдарламасы жөніндегі сұрақтар бойынша:
Жуматова Гүльшат Габитовна
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Биология және ауылшаруашылық пәндері» кафедрасының меңгерушісі
E-mail: g.zhumatova@asu.edu.kz
Тел:8 778 703 3979

Конференция материалдарының жинағы туралы сұрақтар бойынша:
Закария Аяжан Арманқызы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Биотехнология» оқу-ғылыми зерттеу орталығы mail: conference.au.2021@mail.ru
Тел: +7 778 602 4646

Яндекс.Метрика