Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ең үздік мотивациялық эссе

Құрметті студенттер мен магистранттар!

English Club «Ең үздік мотивациялық эссе…» атты конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – ағылшын тілін үйренуге ынтаны арттыру, Академия студенттерінің жазбаша сөйлеуге қызығушылығы мен сауаттылығын дамыту.

Қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 21 сәуірінен 12 мамырына дейін.

Конкурсқа қатысушылар: Академия білім алушылары.

Конкурсқа жұмыстарды қабылдау «Эссе конкурсы» деген белгімен электрондық пошта мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. E-mail: bestessay2021@gmail.com.

Тілі: ағылшын тілі.

  • Жұмыс .docx. немесе .pdf. форматында жіберіледі. Жұмыс көлемі – 500 сөзден аспайды, А4 форматындағы 1 бет, шрифт 14, Times New Roman, интервал 1.
  • Эссе студенттің бірегей және өзіндік жұмысы болуы керек.
  • Мотивациялық хат – бұл үміткердің неліктен шетелде оқығысы келетіні туралы баяндайтын эссе (нақты ЖОО немесе бағдарламаны көрсетуге болады). Бұл эссенің міндеті – қазылар алқасын Сіздің кандидатураңызды таңдауға сендіру.
  • Мотивациялық хатта келесі ақпарат болуы керек: Сіздің шетелде оқу үшін белгілі бір бағдарламаны немесе университетті таңдаудағы қызығушылығыңыз бен себебіңіз, біліміңіз бен дағдыларыңыз, жетістіктеріңіз бен тәжірибеңіз (кәсіби немесе басқа), болашақ мақсаттарыңыз.

Конкурс жеңімпаздарын Академияның халықаралық ынтымақтастық бөлімі анықтайды. Конкурс нәтижелері 2021 жылдың 25 мамырында Академия сайтында жарияланады.

Конкурстың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

Конкурстың үйлестірушісі – Торебекова Аяулым Куанышевна, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маманы. Телефоны: 8 (7172) 790 869.

Яндекс.Метрика