Қабылдау комиссияларының байланыстары

Салауатты өмір салты профилактикасы, есірткі мен темекі шегудің зияны туралы

Бүгін Астана қаласы Медицина университетінің наркология және психиатрия кафедрасының ассистенті, психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы есірткі мен темекі шегудің зияны туралы дәріс өткізді. Дәріс салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында жаман әдеттердің зияны туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Тоқтар Төлеуханұлы білім алушыларды ойластырылмаған шешімдер мен іс-әрекеттерден сақтандырды, сондай-ақ зиянды заттарды заңсыз тарату және пайдалану үшін жауапкершілік болатынын да еске салды.

Академия тәрбиеленушілері маманды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.

Яндекс.Метрика