Қабылдау комиссияларының байланыстары

Спорт – денсаулық кепілі!

14 қараша күні Қазақ ұлттық хореография академиясының спорт залында «Көңілді эстафеталар» спартакиадасы өтті. 30-ға жуық бала қатысқан спорттық ойын-сауық жарысының ұйымдастырушысы ұстаздар Нұрғайша Қалықова мен Гүлзат Басибекова болды.

Бір сағат бойы балалар ептілік, жылдамдық және түрлі кедергілерді жеңе білу қабілетін көрсетіп, көңілді эстафеталық жарыста бақ сынады. Әр команда бірлік пен мақсатқа табандылықпен жетуге дайын екендіктерін көрсетті. Сондықтан байқауға қатысушылардың барлығы жеңімпаз атанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бірлескен уақыт балаларды жақындастырып, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын оятады. Мереке сәтті өтті, себебі балалардың көңілі көтеріліп, көңілдері толды. Мұнда біз баланың шығармашылық әлеуетін ашуға ғана емес, оның негізгі физикалық қасиеттерін дамытуға да уақыт бөлеміз.

Мереке соңында оқушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, сонымен қатар спорттық жарыстарда тағы да кездесуге тілектерін білдірді.

Яндекс.Метрика