Қабылдау комиссияларының байланыстары

Сыңғырла, сыңғырла, қоңырау …

Өнер айдынында өзіндік қолтаңбасы бар хореография академиясында соңғы қоңырау салтанатты түрде аталып өтті. Биыл да үлкен жетістіктерге қол жеткізген академия тәрбиеленушілері Астана балет театрының сахнасында есте қаларлық концерт өткізді.  Ұстаздар мен түлектер үшін ең маңызды күн шарасын – Бурахта София, Тулемисов Дамир үлкен жауапкершілікпен жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл елімізде тұңғыш рет соңғы қоңырау 1 маусым – балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Шарада алғы сөз кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы Кокшинова Светлана Юрьевнаға берілді. Тағы бір оқу жылының сәтті аяқталып, қандай жетістікке жеткендерін атап өткен ұстазға залға жиналған көреремен ықыласы зор болды.

Оқу жылы аяқталатын сәт таяп, кешегі тұлымды ұл атжалын тартып, азамат болғанын, тұлымшақты қыз бой жеткенін бүгін ғана сезінгендей, көңілдері толқып, жүректері лүпілдеген ата-аналар балалар мен ұстаздарға қошемет көрсетіп,  ду қол шапалақпен үлкен ықылас пен гүл шоқтарына бөледі. Ең әсерлі соңғы қоңырау концертінде болған атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес – қарбалас, қобалжыған түлектер, ұстаздардың толқуы бір тарихи сәт.

Одан әрі кеш түлектердің қайталанбас концерттік номерлерімен жалғасты.

Яндекс.Метрика