Қабылдау комиссияларының байланыстары

Республикалық патриоттар форумы

2-маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының Конгресс-холл сахнасында жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен патриоттық сезімін арттыру мақсатында патриоттар форумы өтті. Іс-шараға еліміздің әр саласында еңбек етіп жүрген құрметті қайраткерлер шақырылды. Қонақтар арасында Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлері де болды. Ұлттық рухты көтеретін бұл жиынға барлық өнер ұжымдары мемлекеттік туды ала барған.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов форум аясында өз саласының ең лайықты деген еліміздің әртүрлі облыстары мен өңірлерінен келген түрлі қызмет салаларының, атап айтқанда: денсаулық, өнер, білім, мәдениет, ауыл шаруашылық, кинология, IT – саласы бойынша халық арасында елеулі еңбек атқарғандарды марапаттады.

Форум жастардың Отанға қызмет етуге деген ынтасын күшейту мақсатында ұйымдастырылып отырғаны белгілі. Мемлекеттік рәміздеріміз салтанатпен кіргізіліп, залға жиналған қауым дәстүр бойынша тік тұрып қарсы алды.

Форум соңында Қазақстанға белгілі өнер майталмандары Нұржамал Үсенбаева, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір тағы да басқалары әннен шашу шашты.

Яндекс.Метрика