Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұлттық Құрылтай — рухани құндылық

17-18 маусым күндері Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы биыл Түркістан қаласында ұйымдастырылды. Баба салты бойынша құрылтайға шақыру көне дәстүрімізді жаңғыртудың негізі болып табылады. Жиналған ғалымдар мен сарапшылар және сала мамандары екі күн бойы елдегі маңызды мәселелерді талқылап, қордаланған істер бойынша ойларын ортаға салды. Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаған қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері мен БАҚ басшылары және сарапшылар өзіндік ұсыныстарын жеткізді.

«Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым» деп айшықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «біз дәстүрлі құндылықтарымызды қазіргі мәдени үрдістермен үйлестіруіміз керек»,- деп қазақи баға жетпес байлығымызды ұлықтауға шақырды.

Алқалы жиынның екі  күнінде де «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» және тағы да басқа жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын да ұсынды.

Яндекс.Метрика