Қабылдау комиссияларының байланыстары

“TазаLike” волонтерлік акциясы

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық хореография академиясының педагог-ұйымдастырушысы Алпамыс Шаримовтың алған волонтерлік гранты негізінде «ТазаLike» волонтерлік шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның тұжырымдамасын Академия студенттері ұйымдастырып, экологиялық ойын түрінде басқа университеттердің студенттері арасында өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Сарыарқа ауданының әкімі Байкен Есет Берікұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек қатысты.
Іс-шара жастардың күшімен қаламызды тазалау, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілді.
Іс-шараға елорда тұрғындары қатысты. 5 адамнан тұратын, 14 топқа бірігіп, қоқыс жинап, жарысты. Жеңімпаз топтар 1,2,3 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«ТАЗАLIKE» жобасының нәтижесінде 2 тонна 40 кг қоқыс жиналды.

Яндекс.Метрика